Алматы қаласының Әуезов ауданында, Райымбек пен Өтеген батыр даңғылдарының қиылысында жеңіл автокөлік отқа оранды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өрт туралы хабарлама түскен сәттен бастап шақырту орнына жету, жағдайды барлау, күштер мен құралдарды орналастыру және жануды сөндіру кәсіби өрт сөндірушілерге барлығы 12 минут уақыт қана қажет болды.
Бұл ретте төтенше жағдайлар министрлігі өрт туындаған жағдайда дереу 112 нөміріне қоңырау шалуды еске салып отыр.