06.07.2025
17:43
1885
ТЖМ құтқарушылары Оңтүстік Кореялық туристке  көмек көрсетті

ТЖМ құтқарушылары Оңтүстік Кореялық туристке  көмек көрсетті

Үлкен Алматы көлі маңындағы тау өзенінің бойында рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары еңістің жиегінде жатқан ер адамды байқап қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

?? Белгілі болғандай, 1993 ж. т. Оңтүстік Корея азаматы электровелосипедпен жүріп келе жатып, қиын жер бедерінде басқаруды жоғалтып, құлап жарақат алған.

Тік, жартасты әрі жүру қиын таулы аймақта құтқарушылар зардап шеккенге жетіп барып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ер адам ауруханаға жатқызудан бас тартты.