ТЖМ құтқарушылары көпқабатты үйден 9 адамды эвакуациялады

5 Желтоқсан, 23:51 385

Павлодарда Малайсары батыр көшесінде орналасқан көпқабатты үйлеріндің бірінде 4 қабаттағы пәтерде үй заттары мен жиһаз өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт сөндірушілер 9 адамды, оның ішінде 5 баланы баспалдақ маршымен эвакуациялады, 18 адам өз бетінше шықты.

ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері 6 адамды, оның ішінде 3 баланы қарады. Ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ. "103" бригадасы 1938 жылы туған тұрғынды тексеріп, ауруханаға жеткізді.

Өрт бастапқы кезеңде сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда.

Перизат Саденова
Бөлісу: