Астана қаласының Байқоңыр ауданында, «Қараөткел» көпірі маңында төтенше жағдай орын алып, 1995 жылы туған әйел адам Есіл өзеніне секіріп кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға күндізгі уақытта болып, куәгерлер бірден шұғыл қызметтерге хабар беріп, дереу әрекет етуге мүмкіндік жасаған.
Оқиға орнына жақын маңда патрульде жүрген қалалық құтқарушылар шұғыл жетіп, суға кеткен азаматшаны дереу құтқарды. Әйел адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін жедел жәрдем қызметіне тапсырылды, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.