Бүгін Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінде Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бес демалушыны эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ТЖМ мәліметінше, демалушылар көлдің қарама-қарсы жағалауында қалып қойған. Кенеттен күшейген желдің салдарынан олар өздігінен кері қайта алмады.
Көмек туралы хабарды алған бойда құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, арнайы құтқару қайығының көмегімен адамдарды қауіпсіз жерге жеткізді, - делінген мәліметте.
Зардап шеккендер жоқ. Медициналық көмек қажет болмады.