Елорданың Алматы ауданында орналасқан елордалық көп қабатты үйлердің бірінде оқыс орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жұмыстан оралған үш баланың анасы пәтердің есігін бірнеше мәрте қаққаннан кейін, ешкім ашпаған соң құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
ТЖМ қызметкерлері аспалы құралдардың көмегімен есікті ашып берді. Балалар ұйықтап қалған екен. Зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді, - деп жазылған министрліктің хабарламасында.