ТЖМ құтқарушылары әлем чемпионатында 2 алтын, 5 қола жеңіп алды

13 Қазан, 22:32 549

10-13 қазан аралығында Өзбекстанның Бұхара қаласында қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаментінің мәліметінше, ведомство спортшылары 2 алтын және 5 қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының 80 пайызын ТЖМ құтқарушылары құрайды.  

Ерлер:

97 кг (алтын) — Пернебек Әліби (ҚР ТЖМ Қазселденқорғау, Алматы қ.);

57 кг (қола) — Кұдайберген Ринат (ҚР ТЖМ Ақтөбе облысының ТЖД);

67 кг (қола) — Таиров Абдрашид (ҚР ТЖМ Қазселденқорғау, Алматы қ.).

Әйелдер:

+70 кг (алтын) — Амантаева Даяна (ҚР ТЖМ Ақмола облысының ТЖД);

48 кг (қола) — Асылбекова Сагыныш (ҚР ТЖМ Астана қ. ТЖД);

53 кг (қола) — Болатбек Сания (ҚР ТЖМ Қызылорда облысының ТЖД);

70 кг (қола) — Утесбаева Мөлдір (ҚР ТЖМ БҚО ТЖД).

Перизат Саденова
Бөлісу: