ТЖМ құтқарушылары адасқан балықшыларды тапты

ТЖМ құтқарушылары адасқан балықшыларды тапты

Түнде 112 пультіне Ұлытау облысында екі адам Сарысу көлінде балық аулауға барғаны және байланысқа шықпағаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қайықпен жүзіп кетіп, адасып кеткен 1960 және 1968 жылдары туған ер адамдарды тапты. Олар зардап шеккен жоқ.