29.12.2024
04:27
898
ТЖМ құтқарушылары 47 адамның өмірін сақтап қалды

ТЖМ құтқарушылары 47 адамның өмірін сақтап қалды

Астана іргесіндегі Қосшы қаласындағы тұрғын кешендерінің бірінде электр сымдары тұйықталып, өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт үйдің жертөлесінде орналасқан сұлулық салонының төбе жабынына тарады. Құтқарушылар шақырту орнына бірінші болып келіп, баспалдақпен 43 адамды, оның ішінде 18 баланы эвакуациялады. Сондай-ақ, үйдің жоғарғы қабаттарынан 4 адам, оның ішінде 3 бала автокөлік сатысының көмегімен құтқарылды.

Өрт сөндірілді, ал жану өнімдерімен уланған белгілері бар 4 адам ауруханаға жатқызылды.