Бүгін 112 пультіне Қарағанды облысы Шет аудынынан бірнеше шақырым жерде автобус сынып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, дереу шақырту орнына жөнелген құтқарушылар автобуста Казақстан мен Өзбекстан азаматтары болып табылатын 40 адамның бар екенін анықтады.
ТЖМ қызметкерлері барлығын Ақсу-Аюлы ауылына эвакуациялады. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.