02.03.2025
09:11
924
ТЖМ құтқарушылары 33 шетел азаматын эвакуациялады

ТЖМ құтқарушылары 33 шетел азаматын эвакуациялады

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы аттас кентінен 40 шақырым қашықтықта "Самара-Шымкент" тас жолының жабық учаскесінде "Уфа - Самарқанд" жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ қызметкерлері вахтовкамен 33 Өзбекстан азаматын жолдың қауіпсіз ашық учаскесінде орналасқан басқа автобусқа дейін эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ ауа-райы жағдайы жолдағы жағдайды едәуір қиындатуы мүмкін екенін еске салады.