ТЖМ «Қазақстан» шахтасындағы ахуал туралы айтты

22 Тамыз 2023, 09:11 840

 22 тамызда сағат 8.00-дегі жағдай бойынша «Қазақстан» шахтасындағы өрт ошақтары әлі де сөнбеген, жағдай жақсарған жоқ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрттің таралуына жол бермеу үшін жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты КӘАҚҚ РШО шахтадағы аварияны жою штаб басшылығы гипстен көпірлер салу арқылы апатты учаскені оқшаулау туралы шешім қабылдады.

Көпірлер салу орындары анықталды, материалдарды жеткізу басталды, содан кейін барлық күштерді апаттық учаскені оқшаулауға жіберу жоспарлануда.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: