ТЖМ және оның аумақтық бөлімшелері «Таза Қазақстан» жалпы республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министр Шыңғыс Әрінов бастаған министрлік қызметкерлері Астана қаласының № 24 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағына 30-ға жуық шырша көшетін отырғызды.
Министр ТЖМ қызметкерлерін барлық өңірлердің аумағын абаттандыру мен көгалдандыруға қатысуға шақырды.
Бұл акция біздің қызметкерлерді қоршаған ортаның табиғатын қорғап, тазалығын сақтауға арналған.
Ауқымды жұмыс жалғасады.