Төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов биыл болған ірі орман өрттерінен кейін техникалық жарақтандыруға ерекше ден қойып отырғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Азаматтық қорғау саласындағы 2023-2027 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралардың кешенді жоспары бекітілді, оның шеңберінде табиғат қорғау және орман мекемелерін, ТЖМ-ның материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейін нығайту жоспарлануда, - деді ол.
Сондай-ақ жұмыс алгоритмін реттеу мақсатында ТЖМ мен Экология және табиғи ресурстар министрлігі арасында орман өрттерінің туындағаны туралы хабарларға ден қою бөлігінде келісім бекітілді.
2024-2027 жылдарға арналған орман өрттерінің алдын алу және жою жүйесін жетілдіру жөніндегі жоспардың жобасы әзірленді, - деді ол.
Айта кетейік, Семейдегі орман өрті кезінде оқиға орнына барған депутаттар техниканың тым ескі екенін, жұмыс алгоритмінің дұрыс ұйымдастырылмағанын сынға алған еді.