02.08.2024
21:36
1119
ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы тағайындалды

ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы тағайындалды

Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы болып Ермек Бейсеуов  тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Ермек Бейсеуов 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын, Қазақ қатынас жолдары университетін бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған. 

2006-2007 жылдары – Алматы қаласы Алмалы ауданының мемлекеттік-құқық бөлімі бас маманы, 2007-2008 жылдары – Алматы қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті Алмалы ауданы бойынша өнеркәсіп бөлімінің бас маманы, бастығы болған

Әртүрлі жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің көмекшісі, мемлекеттік-құқық бөлімінің бастығы, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігінің аппарат басшысы болып жұмыс істеді.

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары және Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.