03.01.2025
12:24
1267
ТЖМ екі күнде 182 адамды құтқарды

ТЖМ екі күнде 182 адамды құтқарды

Қазақстанның ТЖМ күштері екі тәулік ішінде 182 адамды оның ішінде 57 бала құтқарып эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен екі тәулік ішінде (1-2 қаңтар) Қазақстан ТЖМ күштері 396 рет оқиға орнына барды, оның 195-і өрттер мен жану оқиғаларына, 201-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға.

Бұл ретте 182 адам, оның ішінде 57 бала құтқарылды және эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.