03.10.2024
05:38
1076

ТЖМ азаматтарға қауіпсіздік шараларын еске салды

Төтенше жағдайлар департаменті көлік иелерін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ автокөлікті өрттен қорғау үшін көлік иелеріне келесі шарттарды орындау қажет екенін еске салады:

техникалық байқаудан уақытында өткізу;

электрониканы тек мамандандырылған орталықтарда орнату;

әрқашан жарамды өрт сөндіргішті көлік салонында ұстау;

қозғалтқыштың отын аппаратурасының жарамдылығын бақылау;

көлікте бөгде, тез тұтанатын заттарды ұстамау;

жанар-жағармай материалдарын тек герметикалық ыдыстарда тасымалдау.