11.04.2025
16:36
927
ТЖМ ата-аналарға үндеу жасады

ТЖМ ата-аналарға үндеу жасады

Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздік ережелерін еске салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство балаларды қараусыз қалдыру қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екендігі ескертті.

Тұрмыстық қауіпсіздікке ерекше назар аудару керек — балалардың терезелерге, электр құрылғыларына, суға және дәрі-дәрмектерге еркін қол жеткізуіне жол бермеңіз, - делінген мәліметте.

ТЖМ еске салады:

Блокаторларды терезелерге орнатыңыз және оларды жабық ұстаңыз;

Баланы қысқа уақытқа да жалғыз қалдырмаңыз;

Қауіпті заттарды қол жетпейтін жерлерге қойыңыз;

Балаларға қауіпсіз мінез-құлық негіздерін түсіндіріңіз.