ТЖМ ата-аналарға үндеу жасады

21 Шілде, 22:41 554

ҚР ТЖМ өкілдері ата-аналардан балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алуға арналған қарапайым сақтық ережелерін сақтауды сұрайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

- терезеге темір торды арнайы талаптарға сай орнату қажет яғни, өрт кезінде ғимараттан шығаруға оңай ашылатындай етіп қарастыру. Тор шыбықтарының арақашықтығы бала басы симайтындай (10 см-ден аспауы тиіс) орнату;

- іштен ашылатын немесе жылжымалы торларды балалардың ашпауы үшін, арнайы бекіткіштер орнату;

- үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмау.
жиһаздарды терезе жанынан алшақ қою;

- балконға ересектерсіз шықпауы туралы балаға түсіндіру, қадағалау.
терезені, іштен ашылатын және жылжымалы торлардың ашу тәсілдерін балаға көрсетпеу, үйретпеу;

- балаларға сақтық шараларын ұдайы үйрету және түсіндіру.
ешқашан ұйықтап жатқан баланы жалғыз қалдырмаңыз, себебі бала оянғанда терезеге қарай ұмтылу мүмкін;

- баланы терезе алдына мінгізбеңіз, ұдайы қолыңызда ұстап тұрыңыз.

Перизат Саденова
Бөлісу: