16.04.2025
19:04
1930
ТЖМ әскери қызметшілері Жеңіс күніне арналған шеруге қатысады

ТЖМ әскери қызметшілері Жеңіс күніне арналған шеруге қатысады

Қазақстан ТЖМ әскери қызметшілері Жеңіс күніне арналған мерейтойлық шеруге қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

7 мамырда Астанада Төтенше жағдайлар министрлігі тарихында алғаш рет құрылымның 170 әскери қызметшісі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге қатысады. Олардың арасында ҚР ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің бастамасымен құрылған «Айбат» арнайы бөлімшесінің жауынгерлері бар.

Шеруге қатысушылар орналасқан әскери лагерьге ТЖ вице-министрі генерал-майор Кеген Тұрсынбаев келді. Ол дайындық пен тәртіптің жоғары деңгейін атап өтті. Іс-шарада ТЖМ техникасы — «АЛАН» броньды автомобильдері және «Айбат» бөлімшесінің арнайы машиналары да тартылатын болады.