ТЖД Алматы тұрғындарына үндеу жасады

27 Маусым 2022, 18:24 1134

Ертең Алматыда сынап бағанасы 36 градусқа дейін көтеріліп, күн қатты ыстық болады

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті ауа райына қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарын күн сәулесінен қорғану үшін серуендеуден бас татруға шақырды.

«Аптап ыстық адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Бұл жүрек-қан тамырлары ауруларынан, гипертониядан зардап шегетіндерге, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдарға ерекше қауіп төндіреді. Жаяу жүруді шектеңіз, көп қимыл-әрекет жасаудың қажеті жоқ. Дәрігердің ұсыныстарын қатаң сақтаңыз және тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақытында қабылдаңыз. Артериялық гипертониямен ауыратын адамдар қан қысымын үнемі қадағалап отыруы керек», - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Бөлісу: