ТЖД: Петропавл қаласындағы жағдай бақылануда

14 Сәуір, 12:23 631

Солтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Петропавл қаласындағы жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда апатты жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Спикердің мәліметінше, бүгін Петропавл қаласына ауыз су берілмек. Еріктілер көп көмек көрсетеді, ауыз су басқа қалалардан әкелініп жатыр. Жалпы облыстағы жағдай әлі де күрделі болып қалуда.  

Сергеев су қоймасы 159% толып, су бөгет шыңынан 3 метр 10 см асты. Тәулік ішінде 40 см төмендеді. Әрине, бұл бір апта бұрынғы көрсеткіштерден айтарлықтай төмен, ол кезде тіркелген рекордтық көрсеткіш 4 м астам болған, - деді ТЖД өкілі. 

Бірнеше күннің ішінде Петропавл қаласында да су азаяды деп күтілуде. 

Петропавл қаласының Хромзавод және Ойқала шағын аудандарында тәулік ішінде 1010 үйді су басты. Олардан 4552 адам эвакуацияланды, олардың 957-сі бала. Көшірілген адамдар облыс орталығының 3 орта мектебі мен колледждердің жатақханаларында және де басым бөлігі туыстарында орналастырылды», - деді спикер.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: