30.06.2022
21:10
1506
ҚТЖ жаңа үш бағыт бойынша Talgo пойызын іске қосады

ҚТЖ жаңа үш бағыт бойынша Talgo пойызын іске қосады

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшысы Жәнібек Тайжанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтты, деп хабарлайды El.kz

Оның айтуынша жаңа бағыттар келесі қалаларды байланыстырады: Нұр-Сұлтан-Шымкент, Нұр-Сұлтан-Қостанай, Нұр-Сұлтан-Алматы.

«Жалпы қазір ҚТЖ-ға қарасты 2215 вагон бар. Оның ішінде 1429 бұрынғы стандартты вагон және 670 Тальго вагондары», –  деді Жәнібек Тайжанов.