ҚТЖ жүк тасымалын қымбаттатады

25 Тамыз 2022, 01:31 1177

Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін кәсіпорындарды қолдауға және аптаның соңына қарай тиісті хат дайындауға уәде берді.

«Қазақстан май-тоң май одағы» қауымдастығының президенті Константин Невзоров ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтен азық-түлік өндірушілерін қолдауды сұрады, деп хабарлайды EL.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Константин Невзоровтың айтуынша, 27 тамызда «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ локомотивпен тарту қызметтеріне шекті бағаны көтеруге қатысты қоғамдық тыңдау өткізеді.

Барлық өндірушілер мені қолдайды деп ойлаймын. Оның азық-түлік өндірушілеріне, әсіресе әлеуметтік маңызы бар өнімдерге таралуын қаламас едім. Олар бұл шығындар аясында аз сома деп есептейді. Бірақ егер біз кәсіпорынның кірістілігі аясында қарастыратын болсақ, бұл өте көп болады деп санаймын. Сондықтан қолдауды сұраймын, - деді ол министрге елордалық кәсіпкерлермен кездесуі барысында.

Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін кәсіпорындарды қолдауға және аптаның соңына қарай тиісті хат дайындауға уәде берді.

EL.KZ
Бөлісу: