ТЖ саласында бірқатар проблема бар - министр

26 Қыркүйек 2023, 17:11 633

Биыл 8 мыңнан астам төтенше жағдай оқиғалары тіркелді. Бұл оқиғалардан 1 250 адам зардап шекті. Оның ішінде 495 адам қайтыс болды. Материалдық шығын - 9 млрд 170 млн теңге. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов айтты.

Бөлімшелер 9 мыңға жуық адамды құтқарды, ТЖ аймағынан 9 мыңнан астам адам эвакуацияланды, зардап шеккендерге 3,5 мыңнан астам алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Барлығы 60 мыңға жуық шақырту болды, - деді ол.

Ол сондай-ақ төтенше жағдай кезінде түйіні шешілмеген мәселелердің бар екені байқалып қалғанын айтты.

Абай, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарындағы өрттер, «АрселорМиттал» шахталарында болған қайғылы оқиғалар кезінде орын алған фактілерді растайтын ТЖ-ға ден қоюда бірқатар жүйелік проблема бар. Қазіргі уақытта министрліктің барлық әлеуеті оларды шешуге бағытталған. Атап айтқанда, Қауіпсіздік кеңесімен, Үкімет аппаратымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп өрттерге ден қою алгоритмі әзірленді.

Үкімет қаулысымен Жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді, - деді ол.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: