19.08.2023
12:55
1375
ТЖ министрі құтқарушылардың қауіпсіздігі туралы тапсырма берді

ТЖ министрі құтқарушылардың қауіпсіздігі туралы тапсырма берді

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов "Қазақстан" шахтасында жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Қазіргі уақытта екі зардап шегушіні іздеу жұмыстары жүргізілуде және жергілікті Д-6 көмір конвейерлік еңісте жану ошақтарын сөндіру жалғасуда. Өрт сөндірушілердің авариялық қазбалардың жанындағы жұмысы жоғары температура мен үздіксіз түтіннің себебінен қиындай түсті. Сондай-ақ, қазбаны салқындату бойынша іс-шаралар жүргізілуде, - деп жазылған хабарламада.
ТЖ министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысын тұрақты бақылауда ұстайтынын атап отыр. Министр Сырым Шәріпханов іздестіру жұмыстарына тартылған тау-кен құтқарушылары үшін қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуді тапсырды.