ТЖ министрі Сырым Шәріпханов "Казахстанская" шахтасында іздестіру-құтқару жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сағат 18:14-те төртінші жоғалған адам табылды. Оны тау-кен құтқару взводы командирінің орынбасары Самат Шошимовтың басшылығымен екі бөлімшенің күшімен тапты.
КӘАҚҚ РОШ бөлімшелері Д-6 конвейерлік беткейінде жоғарыдан төмен қарай бесінші кеншінің болжамды орналасу бағытында іздестіруді жалғастырылуда.
Іздестіру жұмыстары апатты учаскедегі қазбалардың үздіксіз түтінімен, жоғары температурамен (65 градус) және үйінділер түріндегі кедергілермен қиындауда. Жоғарыдан 170 метр өтілді.
Жергілікті өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары тоқтатылды, барлық күш-жігер іздестіруге бағытталуда.