Түймебаевтың ұлын өлтірген күдікті жеті жылға сотталуы мүмкін

30 Маусым 2023, 17:15 9442

Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар Қансейіттің сотында жарыссөз басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кісі өліміне Талдықорған қаласының десанттық-шабуылдаушы бригадасының 33 жастағы офицері Серікбол Мұратханов айыпталып отыр. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнардың өліміне кінәлі деп танылды. Оған «Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» бабы бойынша айып тағылып отыр.

Елнар Қансейіт 2022 жылы 6 қаңтарда Алматыдағы Фурманов және Сәтпаев көшелерінің қиылысында оққа ұшқан. Әскерилер оның көлігін атқылаған.

Сотталушының жұмыс орнында оң мінездемесі, бұрын сотталмағаны, психо-наркологиялық диспансерде есепте тұрмағаны, асырауында кішкентай балалары бар екенін, бірақ сонымен бірге оның кінәсінің бұлтартпас фактілері бар екенін ескере отырып, оны жеті жылға бас бостандығынан айыруыңызды сұраймын, - деді прокурор Әсет Жетібаев.

Елнар Қансейіт 2022 жылы 6 қаңтарда Алматыдағы Фурманов және Сәтпаев көшелерінің қиылысында оққа ұшқан. Әскерилер оның көлігін атқылаған. 

Серікбол Мұратхан Талдықорған қаласындағы N18/404 әскери бөлімінде қызмет атқарған. Оған ҚР ҚК 451-бабының 2-бөлігі (билікті асыра пайдалану) бойынша айып тағылған.

Алмас Абылай
Бөлісу: