Илон Маск әлем елдері бойынша туу көрсеткішін көрсететін картаны жариялады. Ол Дүниежүзілік банк пен Statista деректеріне негізделген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Маск X парақшасында The State of Global Fertility («Әлемдік туу деңгейінің жағдайы») деп аталатын картаны көрісті. Бұл картада 2023 жылғы статистика көрсетілген: әр елде бір әйелдің орта есеппен қанша бала дүниеге әкелетіні бейнеленген.
Деректерді Дүниежүзілік банк пен Statista қызметі ұсынған.
Түс шкаласы қалай жұмыс істейді?
Карта әртүрлі түстермен боялған, олардың әрқайсысы туу деңгейін көрсетеді:
қою көк – 4 және одан жоғары (көбіне Африка елдеріне тән);
көк – 3,0-3,9;
ашық көк – 2,0-2,9;
қызғылт – 1,0-1,9 (бұл санатқа Қазақстан да кіреді);
қызыл – 1,0-ден төмен (бұл демографиялық дағдарысты көрсетеді, әсіресе Оңтүстік Корея, сондай-ақ Шығыс Еуропа мен Азияның бір бөлігінде байқалады).
Африка туу көрсеткіші жағынан әлі де көш басында. Ал оған қарама-қарсы полюсте – Еуропа, Шығыс Азия және Солтүстік Америка, мұнда бұл көрсеткіш ең төмен деңгейде.