Тұрсынбек Қабатов су тасқынан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетті

1 Сәуір, 15:55 11688

Отандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млн теңге қаржылай көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Видеодан әлеуметтік желіде жолданған хатты көруге болады.

Ол жерде «Су тасқынынан зардап шеккен Үрпек ауылының тұрғындарына Тұрсынбек Қабатов 1 млн теңге қаржылай көмек берді. Тұрсынбек пен Мөлдір қарындасымызға мың алғыс. Балаларыңның қызығын көріңдер», – деп жазылғанын көруге болады.

Видеоны әлеуметтік желіде әзілкештің қайын апасы Айгүл Мұқанова жариялап, күйеу баласы мен сіңлісіне игі тілегін жеткізді. 

1996 жылы анамыздан айырылып, әкеміз қарт анасы мен алты баласын алып, басқа елді мекенге көштік. Әкем көреген кісі болған еді. Өзі оқыған кісі. «Облыс орталығынан жол алыстығы біздің де білім алуымызға кедергі болады» деген шығар, теміржол станциясы бар Державинск қаласына тәуекел деп көшіп барған едік.

Сол көшіп кеткен 1997 жылдан бастап, ауылымыз, мектебіміз, анам жатқан қорым, балалық шақ өткен аулам, үйім бәрі сағыныш болып әлі тұр. Тұрсынбек пен Мөлдірдің ауылымызға деп жіберген көмегіне мен де қатты қуандым. Есепсіз таза ниеттері үшін де риза болдым. Әкем мен анам көзі тірі болғанда, қара шаңырақта отырар ма еді?.. Өкінішке қарай, ол кісілер жоқ. Бірақ ауылымыз бар, көңілге медеу. Ауыл ақсақалдарынан келіп жаткан ақ бата, ризашылығын естіп, «аумин» деп отырған жайым бар. Жақсының жақсылығын айтып отырғанды жақсы көремін. Осындай жақсылықты туған бауырым мен күйеу балам істесе, оны тіпті айтқым келді. Тұрсынбек-Мөлдір, бақтарың еселене берсін. Еліміз аман болсын! Елдің азаматтары, мықты бола беріңіздер! Жасаған қаржылай көмектерің, халықтың пайдасына тие берсін, бата алып сендер де өсіп-өне беріңдер, – деп жазды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Айгуль Муканова (@tulkibaikyzy)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: