03.11.2025
13:44
11789
Тұрсынбек Қабатов Мөлдір Мұқанованың айтқан сөздеріне жауап берді

Тұрсынбек Қабатов Мөлдір Мұқанованың айтқан сөздеріне жауап берді

Белгілі әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатов бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқанованың сұхбатынан кейін алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Өз жазбасында ол әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарып, балаларымен әрдайым байланыста екенін айтты:

Ардақты ағайын, мен балаларымды ешқашан бұғаттаған емеспін. Олармен әрдайым бірге болдым, жақсы көремін. Осы күнге дейін де, бұдан кейін де балаларым үшін еңбек етемін. Алла денсаулық берсін! - деп жазды Қабатов.

Еске салайық, бұған дейін актриса Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында бұрынғы күйеуі Тұрсынбек Қабатов балаларымен сөйлеспейтінін және оларды тіпті әлеуметтік желіде «бұғаттап қойғанын» айтқан болатын.

Қыркүйекте де, қазанда да бір-бірімізді көрген жоқпыз. Жақында балалардың бәрін бұғаттап тастағанын білдім, - деген еді Мұқанова.