Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз мәслихатында ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Руслан Қаржаспеков айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарттық агенттігі.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу ішкі істер органдарының ерекше бақылауында. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді. 19 мамырдан бастап Қылмыстық кодекстің жекелеген баптарына (ҚК-нің 106-бабы, ҚК-нің 107-бабы) ауыр және ауырлығы орташа денсаулыққа зиян келтіруге байланысты «материалдық және басқалай тәуелділіктегі адамға қатысты іс-әрекет жасау» деген біліктілік белгісі енгізілді, – дейді ол.
Соның нәтижесінде тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 27 мың өтініштің тек 8%-ы нарядқа есептен шығарылған.
Енді әкімшілік өндіріс факті бойынша қозғалады, бұл тұрмыстық жанжалдар туралы өтініштердің 92%-ын құрайды. Материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамдарға дене жарақаты фактілері бойынша 49 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сот шешімі бойынша 6 мың құқық бұзушы қамауға алынды. Сотта 13 мың отбасы татуласты, – дейді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Руслан Қаржаспеков.