«Тұрмысқа шығуға келіспеген соң, зорлаған»: Шымкентте 20 жастағы қызды алып қашты

25 Шілде, 18:06 6543

Шымкентте 20 жастағы қызды алдымен үйлену мақсатында ұрлап әкетіп, кейін зорлаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

EGOV.PRESS-тің Telegram арнасы таратқан ақпаратта қыз тұрмысқа шығуға қарсы болғаны айтылады.

Шымкенттік ер адам алдымен 20 жастағы қызды ұрлап әкеткен, қыз келіспеген соң, оны зорлаған. Жігіттің туыстары қыздың ата-анасына «қуанышты» хабарды жеткізіп, жәбірленушінің жақындары екеуін үйлендіруге келіскен. Алайда қызды құрбылары құтқарып қалды, - деп жазылған Telegram арнада.

Шымкент полиция департаменті осы фактке қатысы бар тұлғалардың полицияға жеткізілгенін хабарлады.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: