Түрмелерде мүгедектігі бар 700-ден аса азамат жазасын өтеп жатыр

3 Қыркүйек, 17:23 337

Ел бойынша түрмелерде 700-ден астам мүмкіндігі шектеулі азамат жазасын өтеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев хабарлады.

Уәкіл мүмкіндігі шектеулі сотталғандарға жағдай жасалмағанына назар аударған.

Қазір бас бостандығынан айыру мекемелерінде қосымша мұқтаждығы бар 763 адам болса, оның 732-сі ер адам, 31-і әйел. Алайда мекемелердегі жағдайлар ең төменгі халықаралық стандарттарға толық сәйкес келмейді, - делінген ақпаратта.

Артур Ластаев елімізде әртүрлі санаттағы сотталғандарды орналастыра алатын заманауи көпсалалы аралас режимдегі колониялар құру туралы ұсыныс айтқан.

Түзеу мекемелерінде 700-ден астам мүмкіндігі шектеулі адам жазасын өтеп жатыр. Әрине, олар ерекше жағдайларды талап етеді және түзеу мекемелері мұны ескеруі керек. Оларға лайықты жағдай жасау – заң талабы ғана емес, біздің адамгершілік парызымыз. Осы адамдардың құқықтарын қамтамасыз етіп, қоғамда әділдік пен адамгершілік қағидаттарын нығайтып, әрбір адам қандай жағдайда болғанына қарамастан құрмет пен лайықты қарым-қатынасқа лайық екенін дәлелдейміз, - дейді Ластаев.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: