Түрмеден шыққан соң басқа әйелге үйленген шенеуніктер

11 Қараша 2023, 12:45 18579

9 қараша кешкісін отандық БАҚ өкілдері бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлады. Ол әйелін өлімші етіп сабады деген күдікке ілінген. Әйелі ауыр соққыдан көз жұмған.  Бір қызығы, бұл Бишімбаевтың үшінші әйелі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Бізде түрмеге түсіп кейіннен бостандыққа шыққан шенеуніктердің басқа әйелге үйленіп кетіп жатқаны бірінші рет емес. Мысалы, Мұхтар Жәкішев бар.

Алдымен Қуандық Уәлиханұлына тоқталсақ, ол 14 жыл Назым Қаһарманқызымен бірге тұрған. Екеуінің ортақ үш баласы бар. 
Назым Қаһарман әлеуметтік желіде өте белсенді. Спортпен айналысады. Ол Қуандық Бишімбаевпен 2020 жылы ажырасқанын мәлімдеді.

Біз ажырасудан біраз уақыт бұрын бөлек тұра бастағанбыз. Екеуіміз сирек сөйлестік, тек балаларға қатысты. Ол балаларға көмектесті, сөйлесті, бірақ соңғы жылы қарым-қатынасымыз құлдырап кетті, - дейді Назым Қаһарман.

Оның айтуынша, соңғы 6-9 айда Бишімбаев күрт өзгерген. Назым күйеуі істі болып, сотталып жатқанда қасынан табылып, қолдау көрсеткен адам.

Мысалы, 2018 жылы наурыз айында сот шешімі шыққан кезде: «Қуандық Бишімбаев мұндай жазаға лайық емес. Оны ақтау керек еді. Ол мұндай қылмыс жасамады. Дәлелдері жеткіліксіз. Бұл сот шешімі қоғам үшін қауіпті», - деп шыр-пыр болғаны бар.

Қуандық Бишімбаев Назымға дейін де бір әйелі болған. Ол жұбайынан бір баласы бар. Ал 9 қарашада көз жұмған Салтанат Нүкеновамен 2022 жылы шаңырақ көтерген.  2022 жылдың 17 қазанында әлеуметтік желідегі Stories-ке «I love you K» деп жазып, қолындағы неке жүзігін көрсеткен еді.

Қолындағы неке жүзігі 2 карата. Мұндай жүзіктер дүкендерде 15 миллион теңгеден жоғары тұрады. Айта кетейік, Салтанаттың әлеуметтік желідегі оқырмандары осыдан бір ай бұрын өзінің аяғы ауыр екенін мәлімдеген деп жазып жатыр.  

Наурыз айында желіде "Қазатомпром" компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішовтың әлдебір жас әйелмен бірге түскен суреті тарады. Ол 11 жыл түрмеде отырып, 2020 жылы ғана босап шыққан еді. Түрмеге түскен сәттен босап шыққанға дейін Жәкішовтің Жәмила есімді жары қолдау білдіргенін білеміз. Алайда, бостандыққа шыққан соң олардың айырылысып кеткені белгілі болды.

Болат Әбілов "Өмір енді ғана басталды" деп досын қызды болуымен құттықтаған.

"Менің "өмір енді басталды" деген ұраным бар. Ол досым, әрі бауырым Мұхтар Жәкішовтың өмірінде орын алған жақсы оқиғамен үндесіп тұр. Мұхтарды шын жүректен қызды болуымен құттықтаймын. Бұл жаңа өмір, болашаққа сеніммен қадам басқан жаңа жол. Өмір енді ғана басталды дегенге көзіміз анық жетті", - делінген жазбасында.

Кәсіпкер Арманжан Байтосовтың Youtube-арнасындағы сұхбатында жақында тағы бір баласы дүниеге келгенін растады. Кәсіпкердің екінші әйелі Динара қыз баланы дүниеге әкелген. “Дәрігерлердің толық бақылауынан өтті, өзін жақсы сезінеді” деген Жәкішев сәбиінің есімін анасының құрметіне Айриса деп қойғанын айтты. 

Менің балаларымның есімі міндетті түрде “ай” деген сөзден басталады. Екіншіден, анамның атына да ұқсатуды жөн көрдік. Анамның аты Райса. Философиялық тұрғыдан қарағанда, анам өмірден өтті, жаңа адам келді дегендей ғой. Бірақ бұл орын алмасу емес, анама деген құрмет деп қарау керек, деді кәсіпкер. 

Сондай-ақ ол екінші әйелі Динарамен қарым-қатынасының қашан басталғанын, бірінші келіншегімен қашан ажырасқанын да бүкпесіз айтып берді. 

Мен жеке өмірім жайлы көп айтпаушы едім. Өйткені балаларым әкесінің атағымен жетістікке жеткілері келмеді. Маған “әке, біз туралы көпшілікке айтпаңыз, өз жолымызды тауып, жетістікке өз күшімізбен жеткіміз келеді” дейтін. Балаларымның бұл ұсынысын қолдадым. Жәмиламен біз ресми түрде 2013 жылы ажырастық. Бірақ құжат рәсімдеу жағы басымдағы жағдайларға байланысты сәл созбаланып кетті. Десе де, Жәмила екеуіміз бөлек тұруға шешім қабылдадық. Осы уақыт аралығында ол менсіз бала тәрбиесін мойнына алды. Қиын болғанын түсінемін. Бірақ соған қарамастан, балаларымызды тәрбиелеп өсірді. Жәмилаға ризамын, - деп жазды Жәкішов.

Жәкішовтің түрмеден шығуы үшін барын салып күрес бірінші әйелі Жәмила екенін де айтып өтті.

Мені қамауға алғанда кіші балам 9 жаста болды. Бостандыққа ол 20-ға толғанда шықтым. Осы жерде айта кететін жайт, біз ресми түрде ажырассақ та, бір-бірімізге деген қарым-қатынасымыз, байланысымыз сол қалпында қалды. Жәмила менің бостандыққа шығуыма ерекше үлес қосты, - дейді.

Ал Динарамен қарым-қатынасымыз 2015 жылы басталды. 2016 жылы қызым дүниеге келді. Оны әлеуметтік желіде көріп те жүрген шығарсыздар. Есімі Айлин. Алғаш Айлинді 30 күндігінде көрдім. Кейін Динара әр 3 ай сайын кездесуге алып келіп тұрушы еді. Бұл мен үшін үлкен қолдау болды. Қиындықты жеңіп шығуға дем берді. Динараның осы жақсылығы үшін алғысым шексіз. Өйткені ол да баланы жалғыз өсірді. Бүкіл қиындық мойнына түсті. Сондықтан менің өмірімде ең басты екі әйел – алғашқы жарым Жәмила және қазіргі келіншегім Динара, – деп ағынан жарылды. 

Айта кету керек, Мұхтар Жәкішевтің бірінші әйелінен бес баласы бар: Айгерім, Алтынай, Айдай, Айсұлу есімді қыздары және Айтөре есімді ұлы.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: