Түрмеден қашпақ болған 130-ға жуық адам қаза тапты

4 Қыркүйек, 15:18 801

Конго Демократиялық Республикасында түрмеден қашпақ болған жүзден аса адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олардың ішінде ел астанасы Киншасадағы Макала түрмесінің 24 тұтқыны ескертуден кейін оққа ұшты, тағы ондаған адам тапталып немесе тұншығып қаза болған.

Оқиға 2 қыркүйекке қараған түні түрмеде бүлік шыққан кезде болған. Құрбан болғандардан бөлек, кем дегенде 59 адам жарақат алды, түрмедегі әйелдерді зорлаудың бірнеше оқиғасы да тіркелді. Бүлік кезінде тұтқындардың қашып үлгеру-үлгермеуі белгісіз. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қауіпсіздік күштері қаза болғандарды түрмеден көліктермен алып шыққанға дейін бірнеше сағат бойы атыс естілген. ІІМ басшысы түзеу мекемесіне айтарлықтай материалдық шығын келгенін мәлімдеді.

Макала түрмесі – Конго Демократиялық Республикасындағы ең үлкен түрме. Ол 1500 тұтқынға есептелген, бірақ ресми статистика бойынша онда бұдан 10 есе көп – 14 мыңнан 15 мыңға тұтқын бар.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: