29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБҚО киберполицейлері облыстық ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп түрмеде жатып, телефонмен адамдарды алдаған адамды әшкереледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
29 маусым күні белгісіз адам 54 жастағы А. есімді азаматтың WhatsApp желісіне қызы басқа нөмірден хат жазып жатқандығы жайлы және лимиттік карталарда қарыздары барын хабарлаған. Осылайша, ол жәбірленушінің банктік картасының деректерін алып, 477 мың теңгені иемденіп алған.
Алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан 26 жастағы М. есімді азаматтың қылмысы әшкереленді. Одан телефон мен екі SIM-карта табылды. Күдікті мойындау көрсетпелерін беріп, заттай дәлелдемелер тәркіленді. ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚАЖД қазір тыйым салынған заттарды өткізу арналарын анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар мекемелер ішіндегі ұялы телефондарды тәркілеу, ұялы байланыс арқылы арнайы контингент жасаған қылмыстарды ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, - делінген ІІМ таратқан хабарламада.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек