Түркияның орталық аймағында жер сілкінді

25 Ақпан 2023, 04:15 2336

Зілзаланың магнитудасы 4,3 балды құраған

Түркияның орталық бөлігіндегі Конья провинциясында магнитудасы 4,3 балды құраған жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия үкіметі жанындағы табиғи апаттар және төтенше жағдайлармен күрес басқармасы (AFAD) таратқан мәліметке сәйкес, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 17:01-де болған.

Зілзала ошағы 7 шақырым тереңдікте орналасқан. Жер сілкінісінің орталығы Эрегли ауданында екені анықталды.

Конья әкімшілігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында апаттан қаза болғандар мен қираған ғимараттар жоқ екендігі айтылды.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияда жойқын жер сілкінісі болғаны белгілі. Зілзаладан соң 4 мыңнан астам афтершок тіркелді.

EL.KZ
Бөлісу: