Түркиядағы жол апаты: тағы бір отандасымыз көз жұмды

3 Тамыз 2023, 13:51 1213

ҚР СІМ Түркияда жол апатынан зардап шеккен ҚР азаматтарының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өкінішке қарай, тағы бір отандасымыз көз жұмды.

Түрік дәрігерлерінің ақпаратына сәйкес, кеше түнде тағы бір ҚР азаматы Алания мемлекеттік емханасында қайтыс болды. Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматымыздың туыстары емханада, - делінген мәліметте.

Оларға қажетті көмек көрсетілуде. Құжаттарды ресімдегеннен кейін оның денесі Қазақстанға жіберіледі.

Бұған дейін қайтыс болған жерлесіміздің денесі Қазақстанға жеткізілді.

 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: