29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТүркияның Хатай провинциясында орын алған соңғы жер сілкінісінен соң теңіз деңгейінің көтерілу қаупі ескертілді, деп хабарлайды El.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Хатай провинциясындағы Дефне ауданында жер сілкінісі екі рет қайталанған соң Антакъя мен Искендерун қалаларының арасындағы жол бұзылған. Ғимараттардың қирағаны да айтылуда. Әзірге нақты саны белгісіз.
AFAD азаматтарға теңіз деңгейінен 50 см-ге көтерілу ықтималдылығына байланысты жағалаудан аулақ жүруге кеңес берді.
Зілзаланы көршілес провинциялар мен Сирия, Ливан, Иордания, Ирак, Палестина, Израиль мен Ливанда да сезілген.
Түркия вице-президенті Фуат Октай тұрғындарға зақым келген ғимараттарға жақын жүрмеуді ескертті.
Бұған дейін дүйсенбі күні Хатай провинциясының Дефне ауданында магнитудасы 6,4 болатын жер сілкінісі тіркелгенін жазған болатынбыз.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек