Түркиядағы президент сайлауы: Ердоған көш бастап тұр

14 Мамыр 2023, 23:01 1973

Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған президенттік сайлау нәтижелері бойынша көш басында келеді.

Ол әзірге 57,36% дауыс жинады. Оның басты қарсыласы – оппозиционер Кемал Кылычдароглуға 35,81% дауыс бұйырған.

Түркиядағы президенттік және парламенттік сайлаудағы сайлау учаскелері жабылды. Елде және одан тыс жерлерде барлығы 191 884 дауыс беру жәшігі орнатылған. 64 миллион түрік азаматы дауыс беруге құқылы.

EL.KZ
Бөлісу: