Түркияда зілзаладан 156 мың ғимарат қираған

23 Ақпан 2023, 17:45 3891

Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпараттық агенттігі.

Зілзаладан кейін 1 млн 188 мыңға жуық ғимарат тексеріліп, 156 мың ғимараттың қирағаны анықталған. Қазір ол аймақтарда 1797 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Наурыз айында 200 мың тұрғын үй, оның ішінде 70 мың ауылдық үй, барлығы 270 мың тұрғын үй құрылысын бастау жоспарланған.


«1 млн 684 мың азаматтың баспана мәселесі шешілді. Бұл азаматтарға шатырларда, контейнерлерде, Білім министрлігіне қарасты жатақханаларында, мектептер мен мекемелерде, сондай-ақ мемлекеттік және жеке қонақ үйлерде баспана берілді. Күн сайын көбірек контейнер және шатыр қалашықтар салынуда», - деді Уфук Экиджи.

Осыған дейін Түркия елшісінің апаттан аман қалған сәбилерді шетелдіктерге асырап алуға бермейтіндігін мәлімдеген болатынбыз.

Соңғы деректерге сүйенсек Түркияда жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 42,3 мыңнан асты.

Миражан Махан
Бөлісу: