Түркияның Мәрмәр теңізі жағалауындағы Мугла қаласында магнитудасы 5.8 жер сілкінісі болды. Бұл туралы TRT Haber телеарнасы хабарлайды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Жерасты дүмпулерінің эпицентрі жергілікті уақыт бойынша сағат 2:17-де тіркеліп, Мармарадан 10 км қашықтықта, 67,91 км тереңдікте болған.
Жер сілкінісі ең алдымен Муглада және оған жақын провинцияларда сезілді.
Бір адам екінші қабаттан үреймен секіріп кетіп, қаза тапты. Осыған ұқсас жағдайдан 69 адам жарақат алды.
Цунами қаупі жарияланды.