Түркияда жол апатына ұшыраған қазақстандықтардың жағдайы белгілі болды

31 Шілде 2023, 09:42 1585

ҚР СІМ Түркияда қазақстандық туристер мінген шағын автобустың апатқа ұшырағанын растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

30 шілдеде Аланияда Қазақстанның 12 азаматы мінген шағын автобус жол апатына ұшырады. Түркия полициясынан алынған алдын ала болжам бойынша, автобус жүргізушісі жоғары жылдамдықпен жүк көлігіне соқтығысқан. Апат салдарынан бірнеше адам жарақат алып, олар жедел түрде жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.Жағдайдың мән-жайын анықтау және қазақстандық азаматтардың жағдайын білу үшін консул Аланияға аттанып, зардап шеккен отандастарымызбен кездеседі.ҚР 12 азаматының ішінде екеуінің жағдайы орташа ауыр. Оларға операция жасалып, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қалған 10 азаматтың, оның ішінде төртеуі бала, жағдайы қанағаттанарлық. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Барлығының медициналық сақтандыруы бар, - делінген мәліметте.

Сондай-ақ Анталиядағы қазақстандық дипломаттар азаматтармен тұрақты байланыста және тиісті жұмыс жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Мадина Асылбекова
Бөлісу: