06.02.2023
16:36
2593
Түркияда жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 912-ге жетті

Түркияда жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 912-ге жетті

Түркияның Кахраманмараш провинциясында болған жер сілкінісі салдарынан құрбан болғандар саны 912 адамға жетті, 5385 адам жарақат алған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Ошағы Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында болған 7,4 балдық жер сілкінісі салдарынан 912 адам қаза тауып, 5385 адам жарақат алды. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.