Түркияда жаңа мұнай кен орны табылды

3 Мамыр 2023, 09:10 1514

Түркияда жаңа мұнай кен орны табылды, бұл шетелден энергия ресурстарын жеткізу қажеттілігін жояды. 

Осылай деген Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мұнайдың 2,6 шақырым тереңдікте табылғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біз мұнайды Габар аймағында 2,6 км тереңдікте таптық. Кен орнының өндірістік қуаты тәулігіне 100 мың баррельді құрайды. Онда Түркиядағы өзге кен орындарына қарағанда мұнай көбірек өндіріледі. Түркия бұдан былай энергия ресурстарын жеткізуді қажет етпейді. Біз өзіміз энергия ресурстарын жеткізуге қабілетті мемлекетке айналамыз, - деп атап өтті ол.

Түрік басшысының айтуынша, аталған кен орнынан шикізат мұнай өңдеу зауыттарына жеткізіле бастаған.

EL.KZ
Бөлісу: