Түркияда зардап шеккендер саны өсіп, әуежай алаңы толық қирады

6 Ақпан 2023, 14:35 5236

Түркиядағы алапат жел сілкінісі салдарынан елдің 10 провинциясында көз жұмғандар саны 284 жетіп, зардап шеккендер 2323 жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Анадолыға сілтеме жасап.

Сонымен қатар Газиантептегі 17 ғасырға тиесілі тарихи қамал зардап шеккен.

Ал Түркияның оңтүстік-шығысындағы Хантай провинциясындағы жалғыз әуежайдың ұшу-қону алаңы толық қираған.

Бұған дейін хабарланғандай,Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болды.

Агенттік мәліметінше, 6,4 және 6,6 магнитудалы екі жерасты дүмпуі Нурдагы ауданында, 6,6 магнитудалы жер сілкінісі Ислахие ауданында тіркелген. Зілзаладан ғимараттар қираған. Зілзаладан ғимараттар қираған.

7,4 баллдық жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында жергілікті уақыт бойынша 04:17-де 7 км тереңдікте болған. Содан кейін жер сілкінісі әр түрлі аймақтарда - Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфада жарты сағат бойы сезілген.

Түркияда болған алапат жер сілкінісі салдарынан 76 адам қаза тауып, 440- жарақат алды және 140 ғимарат қирағаны алдын ала хабарланды. Бұған қоса Түркияға іргелес жатқан Сирия елі де зілзаладан қатты зардап шекті онда қаза тапқандар саны 100 адамнан асты.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат толықтырылуда.

EL.KZ
Бөлісу: