Түркияның Алания аумағында туристер мінген автобус қайғылы жол апатына ұшырап, арасында қазақстандықтар да зардап шекті, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Ntv.com.tr-нің жазуынша, туристер мінген автобус экскурсия жасап жүрген. Алайда автобус жолда жүк көлігіне соғылып, салдарынан бірнеше адам зардап шеккен. Осыдан кейін әртүрлі жарақат алған 6 адам ауруханаға жеткізіліп, оларға тиісті ем-дом жасалды.