Түркияда туристер мінген автобус апатқа ұшырады: қайтыс болғандар бар

3 Шілде, 15:03 462

Түркияда Аланьяда демалғандарды Анталиядағы әуежайға апара жатқан автобус бағанға соғылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жүргізуші қайтыс болған, 20 жолаушы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

РИА Новости мәліметінше, 14 Ресей және 4 Беларусь турисі мінген микроавтобус Манавгата жолында апатқа ұшыраған. Көлік бетон бағанға соғылып, алдыңғы бөлігі мыжылып қалған.

SHOT telegram-арнасы автобус жүргізушісі ауруханада қайтыс болғанын жазды. Зардап шеккендер арасында балалар да бар.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: