Түркияда төңкеріс жасамақ болды деп айыпталған Фетхуллах Гүлен өмірден өтті - БАҚ

21 Қазан, 12:19 688

Түркияның беделді діни қайраткері Фетхуллах Гүлен 83 жасында Пенсильваниядағы ауруханада қайтыс болды. Оған  Түркияда 2016 жылғы әскери төңкерісті ұйымдастырды деген айып тағылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі euronews.com-ға сілтеме жасап.

Түркияның қоғам және дін қайраткері Фетхуллах Гүлен 1990 жылдардың соңынан бері АҚШ-та тұрып келген. Оның өмірден өткені туралы Гүленнің «Хизмет» қозғалысы әлеуметтік желілердегі парақшаларында мәлім етті. 

Оның жақтастарының Herkul.org порталында жариялаған ақпаратына сәйкес, Гүлен ауруханада қайтыс болған. Кейін бұл туралы жаңалықты Түркияның басты бұқаралық ақпарат құралдары да жариялады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: